×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 802
Среда, 26 Апрель 2017

ИНТЕРТИЧ КОМПАНИЯСЫ VI АЛМАТЫ МАРАФОН ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ЖАРЫСЫНЫҢ СЕРІКТЕСІ БОЛДЫ – ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ АУҚЫМДЫ СПОРТ ШАРАСЫ.

Интертич компаниясы 2017 жылдың 23 сәуірінде өтетін жарысты өткізу кезінде демеушілік қолдау көрсету ретінде жедел жәрдем автомашиналарын ұсынады.

 

Бұл марафонның ұзындығы 42 км 195 м, батыл әрі өршіл спорт мейрамы, бұл жарысқа алматылықтар және қаламыздың қонақтары қатыса алады. Қалалық марафонға қатысу – бұл үлкен құрмет және есте қаларлық оқиға. 


Ауқымды спорт оқиғаларында, көрмелерде, қала шараларында, Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі турнирлерінде жедел жәрдем машиналарын ұсыну компанияның жақсы дәстүріне айналды. Мысалы, Астан қаласында «Интертич» компаниясы Қазақстанның футбол чемпионатында, Қазақстан Республикасы әйелдер арасындағы футбол кубогында, бірінші және екінші лига командалар арасындағы футболдан Қазақстанның бірінші орын алу жарысында, жастар командаларында,  қайырымдылық қалалық марафондарда, Қазақстан командаларының арасында хоккейден жарыстарда жедел жәрдем машиналарын үнемі ұсынады. Сонымен қатар, «Интертич» корпорациясы Алматы қ. және оның төңірегінде Эндуро-спринт бойынша мотоциклмен жарысушылар және квадроциклисттердің жарысының тұрақты демеушісі болып табылады. 

Компания жарыстың қатысушыларына барлық қажетті медициналық қызметтерді көрсетуді қамтамасыз етеді: дәрігерлік тексеру, зардап шегушілерге көмек көрсету, алғашқы көмек ұсыну.

Қала тарихының және оның әрбір тұрғынының жарқын кезеңі болатын кезекті шараға өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз және алдағы уақытта біз қатысатын әлі де көптеген жобалар болады деп үміттенеміз. 

 

 

Марафонға қатысушыларға сәттілік тілейміз! 

Ізгі ниетпен,

«Интертич» корпорациясы