×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 802
Четверг, 20 Апрель 2017

«ИНТЕРТИЧ» КОМПАНИЯСЫ МҰНАЙ ҚҰЮ ТЕРМИНАЛЫНДАҒЫ ЧИНАРЕВ КЕН ОРНЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТТЕРДІ АШТЫ.

2017 ж. 1 сәуірде Чинарев кен орнында және мұнай құю терминалында Интертич медициналық пункттері жұмылдырылды. «Жайық мұнай nostrum» ЖШС компаниясы тапсырыс беруші болып табылады, ол өзінің қызметкерлерінің денсаулығы туралы қамқорлықты Интертич компаниясына сеніп тапсырды.

 

 

 

Вахтада қызмет ететін дәрігерлер кен орнының жұмысшыларына тәулік бойы медициналық көмек көрсетеді.

 

«Медициналық пунктті заманауи медициналық жабдықпен және қажетті дәрілік құралдармен жабдықтау бізге жоғары деңгейде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді, - деп атап көрсетті Орал қ. СВА Интертич директоры Мулдагалиева Сауле Тулегеновна, ол кен орнында медициналық пункттерді жұмылдыруды ұйымдастырды. 

 

 

 

Интертич компаниясының әртүрлі қызмет саласындағы, сонымен қатар мұнай-газ саласындағы ұйымдарға медициналық қызметтер кешенін көрсету бойынша 28-жылдық тәжірибесі бар,  ауру-сырқаудың азаюын және өндірісте жазатайым жағдайлардың алдын алу бағытында өнеге болады. 

 

Жұмыстың ерекшелігін ескере отырып, кен орнындағы адамдар медициналық көмекке және жақсы жабдықталған медициналық кабинеттерге өте мұқтаж болады. Интертич медициналық пункттері орналасқан кен орындары қиын табиғи-климаттық жағдайларда болады. Медициналық көмектерді көрсету тікелей өндірісте жүргізіледі, сондықтан дәрігерлердің біліктілігі, олардың жағдайға тез бейімделе білуі ерекше қызмет атқарады,  көбінесе адам өмірі осыған байланысты болады. Медициналық персоналды іріктеу кезіндегі қойылатын талаптар өте жоғары. Сонымен қатар, Интертич компаниясының қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарында жыл сайын шеберліктерін жетілдіреді.

 

 

Интертич компаниясы Чинарев кен орнына медициналық пункттерді және мұнай құю терминалына реанимациялық көмек көрсету үшін жабдықпен жабдықталған 2 жедел жәрдем автомобилін ұсынды. Бұл көліктер тәулік бойы кезекшілік етеді.

Медициналық персонал жоғары қауіптілікке байланысты өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлерге күнделікті ауысым алдындағы медициналық тексеру жүргізеді, сондықтан жұмысқа тек денсаулығы бар мамандар жіберіледі. 

 

Республиканың еңбек әлеуетін сақтау және нығайту маңыздылығын сезіне отырып, Интертич компаниясы өндірісте және шалғайдағы объектілерде медициналық пункттердің географиясын белсенді түрде кеңейтеді. Бүгінгі күні бүкіл Қазақстан бойынша шамамен 30 Интертич медициналық пункттері табысты жұмыс істеп отыр.