×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 802

КОМПАНИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ​

Құрметті пациенттер!

Интертич компаниясы 2017 жылдың қазанында Алматы қаласында жаңа клиника ашады, мекенжайы: Абай көшесі, Саин көшесінің қиылысы, 6-ықшам аудан, 16-үй.

 

 

 

Клиниканың ауданы шамамен 1000 шаршы метр және бір ауысымда 1200 келушіге есептелген

Жұмыс режимідемалыссыз

6-ықшам аудандағы «Интертич» отбасылық клиникасы келесі бағыттар бойынша медициналық қызметтер ұсынады:

Жедел медициналық жәрдем

Терапия

Салалық мамандар

Дәрігерді үйге шақыру

УДЗ кабинеті

Процедуралық кабинет

Атқарымдық және зертханалық диагностика және т.б. 

Жұмыс режимі

Дс.-Жм.: 08 00-ден 22 00 дейін

Сн.: 09 00 -ден 18 00 дейін

Жс.: 09 00 -ден 15 00 дейін

«Интертич» отбасылық клиникасы – еуропалық деңгейдегі толық циклді медициналық орталық. Сіз денсаулығыңызға қамқор болуды біліктілігі жоғары мамандарға сеніп тапсыра аласыз.

Ашылу құрметіне Сіздерді жағымды тосын сыйлықтар күтеді! Жаңалықтарды қадағалаңыз!

"Интертич Медицинский Ассистанс" ЖШС

Алматы қ., 6-ықш.ауд., 16-үй, анықтама тел: +7 727 3200 200

www.almaty.interteach.kz

Интертич компаниясы 2017 жылдың 23 сәуірінде өтетін жарысты өткізу кезінде демеушілік қолдау көрсету ретінде жедел жәрдем автомашиналарын ұсынады.

 

Бұл марафонның ұзындығы 42 км 195 м, батыл әрі өршіл спорт мейрамы, бұл жарысқа алматылықтар және қаламыздың қонақтары қатыса алады. Қалалық марафонға қатысу – бұл үлкен құрмет және есте қаларлық оқиға. 

2017 ж. 1 сәуірде Чинарев кен орнында және мұнай құю терминалында Интертич медициналық пункттері жұмылдырылды. «Жайық мұнай nostrum» ЖШС компаниясы тапсырыс беруші болып табылады, ол өзінің қызметкерлерінің денсаулығы туралы қамқорлықты Интертич компаниясына сеніп тапсырды.

 

 

Көрмеге қатысушылар әлемнің 20 елінің 103 компаниясының өкілдері болды, олардың ішінде Еуразиялық Экономикалық Одақ,  Финляндия, Италия, Германия, Түркия, Польша, Қытай, Швейцария, Дания, Нидерланды, Хорватия, Украина, Әзірбайжан, Израиль, Оман елдері және басқалары қатысты.

 

Интертич компаниясы және оның аймақтардағы өкілеттіліктері «2016 ЖЫЛДЫҢ САЛА КӨШБАСШЫСЫ» атағына ие болды.

 

 

 

Рейтингілік зерттеулер шешімдері бойынша мәртебелі дәрежені растағандары үшін көшбасшы компания — Интертичтің ұжымын, басшылығын және үздік өкілеттіліктерді құттықтаймыз.


Қазахстан экономикалық рейтингілік мекемесінің қорытындысы бойынша.


«Интертич Медицинский Ассистанс» ЖШС және Интертичтің Алматы, Атырау, Орал, Ақсай қалаларындағы медициналық орталықтары «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» тарауы бойынша 1 орын (Алтын) алып, «2016 ЖЫЛДЫҢ САЛА КӨШБАСШЫСЫ» атағына ие болды.


«2016 ЖЫЛДЫҢ САЛА КӨШБАСШЫСЫ» қабырға медалі және куәлігі халықаралық марапат болып табылып, ҰБР Одағында үздік рейтингтік орындарға ие болған компанияларға ғана тарту етіледі. Бұл марапат мекеменің мінсіз беделдігі мен Қазақстан Республикасының экономикасына қосқан үлкен үлесін растайды.


Біз өз қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз, олардың жоғарғы біліктіліктері мен ынталы еңбектерінің арқасында компания үздік нәтижелерге жетіп, өз саласының көшбасшысы атағына ие болды.


Жаңа табыстар мен жетістіктер тілейміз.

 

 

Құрметті клиенттер!


Интертич компаниясы және оның барлық аймақтық өкілеттіктері аккредиттеуден табысты өтіп, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін қуана хабарлаймыз.

 

Өздеріңіздің кәсіпқой маман екендеріңізді көрсеткендеріңіз үшін комапния ұжымы мен өкілеттіктердің директорларын маңызды жетістікпен құттықтаймыз.
Бұндай нәтижеге жету үшін Сіздер жан-тәнідеріңізбен беріліп зор еңбек атқарып, білімдеріңізді, шыдамдылық пен ұйымшылдықтарыңызды таныттыңыздар.
Интертич компаниясы бірінші категориялы ең ұзақ мерзімді қарастырған 3 жылдық аккредиттеуге ие болды.
Қазақстанда денсаулық сақтау саласында сапаны жақсарту мен қауіпсіздік шараларына бағытталған реформалар белсенді түрде іске асуда. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу — ерікті рәсім, және бұл рәсім компанияның өкілдіктерінің халықаралық қауіпсіздік талаптары мен қызмет көрсету сапасының жоғарғы стандарттарына сәйкестігін растайды.

Қазақстанның әр қалаларындағы «Интертич» клиникаларының мекен жайлары мен телефондары:
http://interteach.kz/ru/meditsina/filialnaya-set


"Интертич" клиникаларының жұмыс кестелері:
http://interteach.kz/ru/meditsina/raspisanie-klinik

 

 

 

Тәуелсіздік мейрамымыздың 25 жылдығы қарсаңында және Қазақстан Республикасының Ардагерлері қоғамдық ұйымының 30 жылдығына орай «Интертич» компаниясы 2016 жылдың қараша — желтоқсан аралығында Алматы қаласының Медеу ауданында тұратын 84 ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және зейнеткерлеріне тереңдетілген профилактикалық медициналық тексеру мен емдеу өткізді.

 

 

Ардагерлер мен зейнеткерлерге Фурманов, 275Д көшесіндегі «Интертич» Халықаралық клиникасы мен Ескендіров, 21 көшесіндегі «Интертич. Балалар. Ересектер. Отбасы.» жаңа клиникасының медициналық қызметкерлері қызмет етті. Қайырымдылық іс шараны ұйымдастыруға Алматы қаласының Медеу ауданы ардагерлері ұйымының төрағасы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері К.Серікбаев, медициналық комиссия төрағасы Д.Салық, Алматы қаласы Медеу Ардагерлер Кеңесінің медициналық комиссияның орынбасары С. Нургазиева қатысты.

Ардагерлерге лабораториялық және диагностикалық зерттеулер, физио емдеу процедураларымен қоса терапевт, көз дәрігері, отоларинголог, хирург, эндокринолог, невропатолог, физиотерапевт дәрігерлерінің кеңесін алып, тексеруінен өтті.

Интертич клиникалары қарт адамдарды осы іс шара шеңберінде 6 жыл бойы тегін қабылдап келеді.

Ардагерлеріміз бен зейнеткерлерімізге ұзақ өмір мен зор денсаулық тілейміз.

Ізгі ниетпен, Интертич Корпорациясы.

 

Басқа қалалардағы Интертич клиникаларының мекен жайлары мен телефондары:

http://interteach.kz/ru/meditsina/filialnaya-set

 

Интертич клиникаларының Қазақстан қалаларындағы жұмыс кестелкрі:

http://interteach.kz/ru/meditsina/raspisanie-klinik

 

Біздің сайтымыз: www.interteach.kz 

Сайт Испанияда қолдау көрсетіліп, басқарылады.

 

 

 

Медициналық сақтандыру келісім-шартын 10 жыл бойы жыл сайын ұзартылып келген Schlumberger компаниясы 3 жылдық медициналық сақтандыру шартын жасады.

Көптеген жылдар бойы SCHLUMBERGER ірі мұнайсервис компаниясы мен «ИНТЕРТИЧ» Корпорациясын тығыз ынтымақтастық байланыстырады.

Медициналық сақтандыру қызметінен басқа «Интертич» компаниясы Schlumberger компаниясының қызметкерлеріне әрдайым профилактикалық тексеру және де қауіпті өндіріс учаскелерінде қызмет ететін жұмысшыларға алғашқы көмек курстарын жүргізіп тұрады.

Интертич компаниясы, денсалық сақтаудағы негізгі серіктес ретінде, Schlumberger компаниясының салауатты өмір салтына байланысты, әсіресе ішімдік пен есірткінің зияндылығы туралы барлық ішкі үгіт насихат шараларына қатысады.
Интертич дәрігерлері әрдайым Шлюмберженің Алматыдағы, Астанадағы, Ақтөбедегі, Атыраудағы, Ақтаудағы кеңселеріне барып салауатты өмір салты тақырыбында ұсыныстар өткізеді.